Мақсаты: Сәби шағынан бастап балабақшаға бауыр басқан бүгінгі бүлдіршіндерді өнер әлеміне жетелей отырып, қызығушылығын ояту. Балалар арасында достық қарым–қатынас қалыптастыру.
Іс әрекет барысы: Балалар мерекеге арналған тақпақтарын мәнерлеп айтты. Бүлдіршіндердің орындауында "Мен мектепке барамын", "Балабақша", "Көңілді балдырғандар" әндері шырқалды. Сері жігіттер мен биші қыздардың орындауында "Көңілді серуен", "Ноталар", "Серілер", "Қоштасу вальсі", заманауи флешмоб билері биленді. Мерекелік іс- шараға қатысқан ата- аналар бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Кішкентай бүлдіршіндер шараға қатысып отырған ата- аналарды, тәрбиешілерді өздерінің өнерлерімен тәнті етті. Балалар дипломдармен марапатталды. Бүлдіршіндердің көңіл- күйлері көтеріңкі болды. Балалар дидактикалық "Сандар әлеміне саяхат", "Кім жылдам?" ойындарына белсенді қатысты.
Мектепалды даярлық "Бөбек" тобы.
Тәрбиеші: Тоғысбаева Г.Ж.