Мақсаты: Балалардың байқампаздығын, қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту, іздерді ажырата білуге үйрету. Ортаңғы "Қуаныш"тобыда «Жас із кесушілер» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді. Іс-әрекет барысында тәрбиеленушілер іздерді ажыратуды, оларды жануарлармен сәйкестендіруді үйренді. Әртүрлі ойындар мен тапсырмалар арқылы балалардың байқампаздығы, ойлау қабілеті және қимыл-қозғалыс дағдылары дамытылды. Дидактикалық ойын «Кімнің ізі?»
Суреттер арқылы жануар мен оның ізін сәйкестендіру.
Ұйымдастырылған іс-әрекет қызықты әрі танымдық сипатта өтті. Балалар тапсырмаларды белсенді орындап, өз білімдері мен ептіліктерін көрсетті. Іс-шара соңында тәрбиеленушілер мадақталып, көтеріңкі көңіл-күймен аяқталды. Тәрбиеші: Жылкайдарова Г.К.