Ата-аналарды баланың жас ерекшелігіне қарай психологиялық даму кезеңдерімен таныстыру. Ағымдағы жылдың қазан айында бөбек жай балабақша психологы Нукушева Асель балабақшаға қамтылмаған балалардың ата-аналары Болысбаева Д. және Оралбек І. кездесу өткізді. Кездесу барысында ата-аналармен балалардың психологиялық даму кезеңдері түрлері жайлы әңгіме қозғалып, мектепке дейінгі ересек жастағы бала адамзаттық эмоциялардың барлық түрін айыра алады, баланың бойында тұрақты сезімдер мен қарым-қатынас пайда болады. Ата-аналарға ересек жастағы баланың бойында қалыптасатын парасаттылық сезім, моральдық сезім, эстетикалық сезім жайлы айтылып, бала бойында еріктілік пен ерік-жігер қасиеттерінің дамуы, мектепке дейінгі жастағы балаларға тән белгілі бір қиындықтарды мақсатты жеңуіне мүмкіндік беретінін айтты.