Тақырыбы: " Тәуелсіздікке тағзым "
Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні туралы мағлұмат беру, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанын түсіндіру, Отанға, туған жерге, ел тарихына деген сүйіспеншілілігін қалыптастыру. Балалардың патриоттық сезімін оятып, елін, жерін құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Іс әрекет барысында балалардың орындауында " Менің Қазақстаным "," Отаным Қазақстаным " әндері шырқалып, " Тәуелсіздік байрағы " " Шаңырақ " билері орындалды.
Балалар Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған тақпақтарын мәнерлеп айтты.
Дидактикалық: " Мемлекеттік рәміздер ", " Көлеңкесін тап " ойындары ойналды.
Балалар ұйымдастырылған іс - шараға белсене қатысып , мереке соңында естелікке суретке түсті.
мектепалды даярлық " Бөбек " тобы
Тәрбиешілер: Мырзакасимова А.Б
Тоғысбаева Г.Ж.