Ортаңғы «Қуаныш» тобында балалардың көңіл-күйін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және жаз мезгілінің қызығын сезіндіру мақсатында «Сабын көпіршіктері күні» ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер сабын көпіршіктерін үрлеп, олардың түрлі пішіндері мен түстерін тамашалады. Балалар қызықты ойындарға қатысып, көпіршіктерді ұстап көруге тырысты. Сонымен қатар, сабын көпіршіктерінің ауада қалай қалықтайтынын бақылап, танымдық тәжірибелер жасады.
Көңілді мереке балаларға ерекше әсер сыйлап, шаттыққа бөледі. Тәрбиеленушілер белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күймен уақыттарын қызықты өткізді.
Осындай танымдық әрі ойын түріндегі іс-шаралар балалардың қиялын дамытып, қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттырады. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен күлкі – іс-әрекеттің басты жетістігі болды. Тәрбиеші: Жылкайдарова Г.К.