"Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім" мемлекеттік мекемесінің "Ай-Жұлдыз" бөбекжай балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.
Ересек "Қызғалдақ " тобы. Тәрбиеші: Мырзағаликызы Жұлдыз.
Тақырыбы: «Сүйкімді кірпі»
Мақсаты: Балаларды кірпінің тіршілігімен таныстыру, оның дене құрылысы мен ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Жануарларға деген қамқорлық пен мейірімділік сезімін тәрбиелеу, ұсақ қол моторикасын, қиялын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Барысы:
Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетте балалар «Сүйкімді кірпі» тақырыбымен танысты. Кірпінің сыртқы бейнесін, дене бөліктерін, қоректенуін әңгімелеп, суреттер арқылы танып білді. Балалар түрлі ойындар ойнап, шығармашылық жұмыс барысында кірпінің бейнесін жасап, өздерінің қиялдары мен шеберліктерін көрсетті."Меиірімді кірпі" ертегісімен танысып, балалар қуыршақ театрын сомдады Сабақ соңында табиғаттағы жануарларға қамқор болу керектігі туралы қорытынды жасалды.