"Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім" мемлекеттік мекемесінің "Ай-Жұлдыз" бөбекжай балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Ересек "Қызғалдақ " тобы
Тәрбиеші: Мырзағаликызы Жұлдыз.
Тақырыбы: «Мен елімнің ұланымын»
Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, елінің патриоты болуға баулу.
Барысы: «Мен елімнің ұланымын» тақырыбындағы ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балалар Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейтті. Олар мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұранның маңызын түсініп, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін білдірді. Сабақта балалар туған жер, ел бірлігі, достық туралы тақпақтар айтып, түрлі ойындарға қатысты. Осындай тәрбиелік іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім, елін құрметтеу және туған жеріне деген мақтаныш қалыптасады.