Тақырыбы: «Елімнің жүрегі – Астана»
Мақсаты: Балаларды Астана қаласының тарихымен, көрікті орындарымен таныстыру, танымдық қызығушылықтарын арттыру, туған елге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Барысы: Балалармен Астана қаласы туралы әңгімелесу ұйымдастырылып, суреттер арқылы көрікті ғимараттар таныстырылды. Пазл құрастыру тапсырмасы орындалды. «Суреттің орнын тап» дидактикалық ойыны арқылы балалардың логикалық ойлауы, зейіні мен есте сақтау қабілеттері дамытылды. Іс-шара соңында балалар Астана туралы өз білімдерін көрсетті, тапсырмаларды белсенді орындап, ойындарға қызығушылықпен қатысты. Елордамыз туралы түсініктері кеңейіп, патриоттық сезімдері нығая түсті.
Ересек тобы: «Ақбота»
Тәрбиеші: Амантай А.А.