Баланың эмоцияларын тану және басқару әдістерін ата-аналарға үйрету. Ағымдағы жылдың қазан айында бөбек жай балабақша психологы Нукушева Асель балабақшаға қамтылмаған балалардың ата-аналары Жаманқыз М. мен Өмірбек Ж. «Баланың эмоционалды дамуы» тақырыбы айналасында әңгіме жүргізіліп, кеңес берілді. Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңі баланың жеке тұлғасының қалыптасуы, оның есеюіне байланысты тіршілік қызметінің табыстылығы үшін аса маңызды екенін айтып, осы кезеңде баланың бастапқы әлеуметтенуі жүреді, бала әлемнің құрылымы туралы алғашқы білімге қол жеткізеді, жақын адамдарымен және құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастағы мінез - құлықтың алғашқы дағдылары пайда болатынын айтты. Тәрбиелеу баланың бұдан кейінгі өмір жолында кезігетін қиындықтар мен кедергілерге лайықты түрде өтуіне көмектесетін жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруы қажет екенін тілге тиек етті. Мектепке дейінгі тәрбиелеудің мақсаты мен міндетін шешудің түрлеріне тоқталып, баланың жеке басының денсаулығына арналған жағдайды қамтамасыз ету, баланың эмоционалдық амандығын қамтамасыз ету, зияткерлік дамуын қамтамасыз ету, баланың ерік-жігерінің дамуын қамтамасыз етуі жөнінде әңгіме қозғалып, ата-аналарға кеңес беріліп, баланың эмоционалды дамуына қол жеткізетін қарым-қатынастарды диагностикалау кестесімен таныстырды.