«Балаларды жақсы көретін ата-аналар клубы»
Іс-шараның мақсаты: Ата-аналардың педагогикалық және құқықтық сауаттылығын арттыру, балаға деген қамқорлық пен жауапкершілікті күшейту.
2026 жылдың маусым айының 23 күні «Ай-Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасында ата-аналарға арналған «Балаларды жақсы көретін ата-аналар клубы» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге Кіші "Бөбек"тобынан Досымбекова Аида, Жексенов Мұхтар, Сауғанбаев Аслан, Масақбаева Фарида, ортаңғы "Қуаныш" тобынан Омарбаева Алия, Мейрамбаева Назира, ересек "Қызғалдақ" тобынан Тыныбаева Құндыз, Халел Қарақат, аралас "Қарлығаш"санаторлық тобынан Иманалиева Айгуль, Оразбекова Бейбітгул, бөбекжай балабақша әкімшілігінен меңгерушінің у.м.а Мырзакасимова А.Б, әдіскер Амантай А.А, мейірбике Мырзакасимова Ж.Б, педагог-психолог Нукушева А.Е қатысты.
Іс-шара барысында педагогтар балаларды тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі, бала құқықтарын қорғау, отбасындағы қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру және баламен тиімді қарым-қатынас жасау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысушыларға тәрбиедегі жауапкершілік пен заң талаптары туралы ақпарат беріліп, өзара пікір алмасу ұйымдастырылды.
«Ай-Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасы әкімшілігі.