Тақырыбы: " Бала қауіпсіздігі - басты назарда "
Мақсаты: Терезеден құлау жазатайым оқиғаларын болдырмау үшін балаларға топтағы мінез -құлық қағидаларын үйрету.
Ойындар мен практикалық жаттығулар арқылы балаларды дұрыс әдеттерге баулу.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 8 - ші жұлдызында мектепалды даярлық " Бөбек " тобына балабақшаға жаңадан келген Молдахан Асылбектің ата- анасы Орысова Индира " Қауіпсіздік ережелері " тақырыбында ұйымдастырылған іс әрекетке қатысты.
Іс әрекет барысында балалар арасында терезелердің жанында сақ болудың маңыздылығы, терезелерге қатысты қауіптер, терезе маңындағы мінез- құлық қағидалары жайлы әңгіме жүргізілді
Дидактикалық " Ашық терезеге жақындау " ," Терезеден қарау ", " Терезеде ойнау ", ойындары ойнатылды,
Ойындарды ойнатудың мақсаты балалардың қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда терезелер қауіпті болу екенін түсіндіру.
Ата - ана Орысова Индираға баласы Молдахан Асылбекті терезе жанындағы негізгі қауіпсіздік қағидаларын үйде қадағалауды, ойындар барысында аталған әрекеттерді істеуге болатынын немесе болмайтынын үйрету тапсырылып ,қауіпсіздіктің алдын алу бойынша тәрбиеші тарапынан кеңестер берілді.