Тақырыбы: «Ата Заң – тәуелсіздіктің тұғыры»
Тобы: Ортаңғы топ
Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Ата Заңы туралы қарапайым түсінік беру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
Ата Заңның еліміздің басты заңы екенін түсіндіру;
Қазақстан, Ту, Елтаңба, Әнұран туралы білімдерін бекіту;
Патриоттық сезімге, достыққа және сыйластыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы:
Шаттық шеңбер:
Көк байрағым желбіресін көгімде,
Тыныштық пен береке болсын елімде.
Отанымды сүйемін мен әрдайым,
Қазақстан – мақтанышым, жүрегімде!
Суретпен жұмыс: «Ата Заң – тәуелсіздіктің тұғыры» Ата Заң – еліміздің ең басты заңы. Ол әр адамның құқығын қорғайды. Біз бір-бірімізді сыйлап, достықта өмір сүріп, еліміздің заңдарын құрметтеуіміз керек.
Педагог жетекшілігімен ойын: «Құрастыр да,ата». Мақсаты: Қазақстан картасы, Ту, Елтаңба суреттерін бөліктерден құрастыру.
Ойын барысы: Балалар пазлды құрастырады. Сергіту сәті:
Көк туымды көтеремін,
Мақтан тұтып жүремін.
Кең байтақ елдің баласы,
Бақытты болып өсемін!
Қорытынды:
Сұрақ-жауап:
Біздің Отанымыз қалай аталады?
Ата Заң дегеніміз не?
Мемлекеттік рәміздерді ата.
Елімізді не үшін жақсы көреміз?
Тәрбиеші балаларды белсенді қатысқандары үшін мақтап, «Отанымыз аман, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!» деген тілекпен іс-әрекетті аяқтайды. Тәрбиеші: Жылкайдарова Г.К