«4 маусым - Рәміздер күні»
Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы түсінік беру. Ту, Елтаңба, Әнұранның маңызын ұғындыру арқылы Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, елжандылыққа, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысы:
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылған іс-шара барысында балаларға еліміздің рәміздері туралы мағлұмат берілді. Балалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы ақпараттармен танысты.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды. Әнұран орындалу кезінде балалар мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетті.
Суретпен жұмыс ұйымдастырылып, балалар рәміздердің суреттерін қарап, олардың ерекшеліктері мен мағынасы туралы әңгімелесті.
Сұрақ-жауап арқылы білімдері бекітілді.
Балалар ермексазбен жұмыс жасап, өз жұмыстарын қызығушылықпен орындап, белсенділік танытты.
Балалар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды.