Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«Ай-Жұлдыз бөбек жай балабақшасы» МКҚК
«Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы
«Ай-Жұлдыз бөбек жай балабақшасы» МКҚК
«Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

"Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім" мемлекеттік мекемесінің "Ай-Жұлдыз" бөбекжай балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Ересек"Қызғалдақ " тобы
Тәрбиеші: Мырзағаликызы Жұлдыз
Тақырыбы: "4 маусым рәміздер күні"
Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, олардың маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Барысы:4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл күн еліміз үшін ерекше мереке болып саналады. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран – тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің және егемендігіміздің нышаны. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай балабақшамызда «4 маусым рәміздер күні» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран туралы мағлұмат алып, олардың маңыздылығымен танысты. Балалар Отан туралы тақпақтар айтып, рәміздерге деген құрметтерін білдірді. Сабақтың мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.